АРЫСТЫҢ ЭТНОС ЖАСТАРЫ ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕРЛЕРМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін Арыс қаласының этнос жастары наурызнама күндері аясында мұражайға саяхаттай отырып, қала тарихымен және қазақ халқының ұлттық жәдігерлерімен танысты.

Бұл шара мәдени танымдық мақсатта ұйымдастырылып, жастарға туған өлкенің мәдени мұрасын тереңірек танытуды көздеді.

Этнос жастары қазақ халқының ұлттық құндылықтары, басқа этностардың мәдени ерекшеліктері және олардың Қазақстан қоғамындағы орны туралы көптеген мағлұмат алды.

Бұл саяхат жастардың бір-бірімен жақынырақ танысуына, этносаралық татулықты нығайтуға және ел тарихына деген қызығушылығын оятты.

Мұражайға келген Диананың ұлты татар болғанымен, қазақ тілін жетік меңгерген. «Ес білгелі қазақ тілінде сөйледім, ауылда тұрдым. Ата-анам, ауыл-аймақ қазақ тілінде сөйлеген соң, мен де сіңісіп кеттім. Балалар көретін мультфильмнен бастап, фильмдерге дейін қазақ тілінде болды. Достарымның көпшілігі қазақтар»-деген ол, бұл саяхаттың білім көкжиегін кеңейтіп, көптеген тың деректерге қанық болғанын айтты.

Шара соңында қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, мұражайда көрген ерекше дүниелер туралы пікір алмасты. Олар мұндай танымдық сапарлардың өз мәдениетін де, басқа халықтардың тарихын да түсінуге зор ықпал ететінін атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Монтайтастық келіншек Ақдала ауылдық Мәдениет үйінде өткен «Сырлы жеңге, сұлу қыз» байқауынан 1-орын иеленді

berdaly_oraz

Түркістанда ашылатын ”Қолөнершілер қалашығын” дамыту жолдары қарастырылды

АРЫСТА «КІТАП ОҚУ – ТҰЛҒА БИІГІНЕ БАСПАЛДАҚ» АТТЫ КІТАП КӨРМЕСІ ӨТТІ

Пікір жазу