АРЫСТА БОЛАШАҚ АНАЛАРҒА «ДЕНІ САУ ҰРПАҚ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ЖҮРГІЗІЛДІ

Семинар-тренинг «Профилактикалық жылы» аясында болашақ жас аналарға арналып өткізілді, деп хабарлайды Arysinfo тілшісі.

Аталған іс-шара Арыс аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы полиция майоры Айжан Мырзахметованың ұйымдастыруымен өтті.  Гинеколог мамандардың арнайы қатысуындағы тренингте  болашақ аналарға отбасын жоспарлау тақырыптарында мағлұматтар беріліп, түрлі пікірлер ортаға салынды.

«ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ» болдырмау, отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті туралы түсінік қалыптастыру беру, жастарды жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа баулуға негізделген  шара аналарға ой салды. Бұл өз кезегінде жастар арасындағы ажырасу фактілерін азайтуға мүмкіндік береді дейді ұйымдастырушылар.

Ұқсас жаңалықтар

САЙЛАУ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ӘКІМШІЛІК ІС ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІМЕН ҚАРАЛАДЫ

Redaktor Arysinfo

Белгілі кәсіпкер Дулат Тастекей осы жылдың 10 тамызда туылып,есімі Абай болып қойылған қазақстандықтарға 180 мың теңге сыйақы беруді уәде етті

berdaly_oraz

ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТАРЫН САЙЛАУ – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ МАҢЫЗДЫ КЕЗЕҢІ

Redaktor Arysinfo