ҚҰСБЕГІЛІК — АТАДАН ҚАЛҒАН МҰРА

  • Қазақ халқының ежелден келе жатқан көне дәстүрінің бірі әрі назарға ілінбей жүргені — құсбегілік.

Арыс қаласында ата дәстүрді жаңғырта түскен іс-шара ұйымдастырылып, арыстық құсбегі Мәди Қалходжаев студент жастардың басын қосып, ұлық өнердің қыр-сырын айтып, шеберлік сағатын өткізді.

Қазақтың асыл дәстүрін, мәдениетін дамытуда қолына қыран бүркіт қондырып, саятшылықты кәсіп еткен арыстық құсбегі ерте жастан тазы ертіп, құмай баулыған. Ол бұл өнерге қазіргі жастардың қызығушылығын ояту үшін шаршамайтынын және ерінбейтінін айтады. Тіпті құстарды күтіп-баптауды ерекше назарға алған.
Бүгінгі таңда шәкірттері Сағи Махмудхан, Рамазаншариф Батырханұлы, Диас Болатұлының талаптары таудай екенін жеткізіп, мақтанды.

Аталмыш шара Арыс қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Redaktor Arysinfo

Сарыағаштық мектеп директоры Әсел Арапова «Болашақ» стипендиясын жеңіп алды

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАНДА ҚОСТАНАЙ ТЕАТРЫ «МЕНІҢ АТЫМ ҚОЖА» СПЕКТАКЛІН САХНАЛАДЫ

Redaktor Arysinfo