Әділ таңдау- әрбір елдің ұстанымы

Түркістан облысы білім басқармасы Арыс қаласы білім бөлімінің «№32 Ә.Жангелдин атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 5 — ақпан дүниежүзілік сайлау күнін атап өту іс-шара жоспарына сәйкес 30.01.2026 жылы “Әділ таңдау- әрбір елдің ұстанымы” тақырыбында 9 сыныптар арасында дебат ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: Бұл дебаттың мақсаты – «Әділ таңдау – әрбір елдің ұстанымы» тақырыбы аясында мемлекеттердің саяси, экономикалық және әлеуметтік шешім қабылдаудағы еркіндігі мен жауапкершілігін талдау.
Қатысушылар әр елдің өз ұлттық мүддесіне сай әділ таңдау жасау құқығын дәлелдермен қорғап, жаһандық ықпал, халықаралық қысым және ішкі факторлардың ел ұстанымына қалай әсер ететінін талқылайды. Сонымен қатар, дебат сыни ойлау қабілетін дамытуға, өз көзқарасын дәлелді түрде жеткізуге және қарсы пікірді құрметтеуге бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында 112 шақырым канал тазаланды

Альфия Адамбек

Угрожает ли госдолг экономике Казахстана

Redaktor Arysinfo

Зеленский Украинаның пайдалы қазбаларынан 50 пайызын АҚШ-қа беруден бас тартты

berdaly_oraz