«Елімай» футболшысы Илья Буртовой жол апатынан қаза тапты

29 жастағы «Елімай» клубының ойыншысы әрі балалар жаттықтырушысы Илья Буртовой Абай – Қарағанды тас жолында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан көз жұмды.

Спортшы ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Илья Буртовой футболдағы мансабын 2015 жылы «Шахтер-Булат» командасынан бастап, кейін футзал мен әуесқой командаларда өнер көрсетті. 2025 жылы «Елімай» сапында Қазақстан Кубогы мен Бірінші лигада ойнаған. Сондай-ақ ол балалар футболында жаттықтырушы болып еңбек еткен.

Марқұмның мезгілсіз қазасы отандық футбол қауымдастығы үшін ауыр қайғы болды.

Ұқсас жаңалықтар

АРЫС ҚАЛАСЫНДА «ULY DALA CUP» ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР САЙЫСЫ ӨТТІ

Redaktor Arysinfo

Әлем чемпионатын көріп 24 миллион теңге табады: АҚШ-та ерекше жұмысқа екі жанкүйер таңдалды

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА «АҚЫЛ-ОЙ» ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСЫ ӨТТІ

Redaktor Arysinfo