Түркістандық теннисші Парижде сенімді жеңіске жетті

17 жастағы қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы Франция ашық чемпионатының алғашқы айналымында сәтті өнер көрсетті.

Отандасымыз алғашқы кездесуінде Ұлыбритания өкілі Марк Чебанмен күш сынасты. ITF жасөспірімдер рейтингінде 36-орында тұрған қарсыласын Заңғар екі сет қорытындысы бойынша 6:3, 6:4 есебімен сенімді түрде жеңді.

1 сағат 37 минутқа созылған матч барысында қазақстандық теннисші ойын тізгінін өз қолында ұстап, жоғары деңгейдегі шеберлігін көрсетті.

Осы жеңістің арқасында Заңғар Нұрланұлы Париж төрінде өтіп жатқан беделді «Үлкен дулыға» турнирінің 1/16 финалына жолдама алды. Енді ол келесі кезеңде жапониялық Мотохару Абе мен америкалық Агасси Рашер арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.

Айта кетейік, Заңғар Нұрланұлы Түркістан өңірінің намысын халықаралық ареналарда абыроймен қорғап жүрген дарынды жас спортшылардың бірі саналады.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫ «БЕКЗАТ» ПРЕМЬЕРАСЫН ҰСЫНДЫ

Redaktor Arysinfo

«Turan Cup-2025» халықаралық футбол додасы мәреге жетті

Шымкенттік балуан Азия чемпионатында жүлдегер атанды