ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Төлеби ауданы әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов төрағалық етіп, комиссия мүшелері, бөлім басшылары және жауапты мамандар қатысты.
Отырыста үш мәселе қаралды. Алғашқы болып аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Рүстем Раймқұлов ауыл шаруашылығы саласында жүргізілген ішкі талдау қорытындыларын баяндап, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және ашықтықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарға тоқталды.
Келесі мәселе бойынша жер қатынастары бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Шыңғыс Кеңес жер саласындағы №4 үлгілік базалық бағыт аясында атқарылған жұмыстардың нәтижелерін таныстырды. Сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және ашықтықты күшейту шаралары туралы мәлімет берді.
Үшінші мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының басшысы Амалбек Өміртай кадрларды іріктеу мен тағайындау рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.
Жиын қорытындысында комиссия мүшелері ұсыныстарын білдіріп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметтердің тиімділігі мен ашықтығын арттыруға бағытталған бірқатар шешімдер қабылдады. Жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеліп, олардың орындалуы бақылауға алынатыны атап өтілді.
Төлеби ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және мемлекеттік басқарудың ашықтығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Ұқсас жаңалықтар

Астанада V Еуразия экономикалық форумы басталды

Redaktor Arysinfo

Түркістан облысында ер адам сарайында есірткі жасырып ұстағаны анықталды

berdaly_oraz

МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ТЕК ОҚУ ПРОЦЕСІМЕН ШЕКТЕЛМЕК