ЖАЛҒЫЗБАСТЫ ҚАРТТАР МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫН КӨРІП КЕЛЕДІ

Қазір Түркістан облысы Арыс қаласы «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ «Асыл жүрек әлеуметтік орталығы» КММ — де 140 жалғызбасты қарттар мен мүгедектер тіркелген, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Ата-бабадан жалғасып келе жатқан қазақ халқының өнегелі қасиетінің бірі – қариясын құрметтеу. Қоғам қашанда қариясына ізет пен құрмет көрсеткен. Бірақ қазір тағдыр жазуымен жалғыз қалған қарттар бар. Олар мемлекет қарқорлығынан да, қоғам мейірімінен де тыс қалмайды. 

Қазір Арыс қаласында 140 жалғызілікті қарттар мен мүгедектерге  22 әлеуметтік қызметкер  аптасына 2 рет 2 сағатқа қариялардың үйлеріне барып, үй шаруасына көмектесіп, денсаулықтарына баса назар аударады, азық-түлігін жеткізіп беруде  аянбай еңбек етіп жүр.  Сондай-ақ мүгедек жандарды бір уақыт үйден тыс жерде таза ауада тыныс алдыртып, табиғат аясына қыдыртады. 

Бұдан өзге Арыс қаласында ерекше қажеттілігі бар ардагерлер үшін «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы»  ашылған.  2025 жылы қариялардың қалыпты денсаулығын сақтау және мекеменің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін мемлекет қазынасынан  93815,0 мың тг қарастырылып, ағымдағы жылдың  6 айында 41835,0 мың теңге игерілген. Орталықта жұмыс жасайтын 6 қызметкер күнделікті 40-50 зейнеткерге тиісті қызметтер әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Атап айтқанда,  қариялар  дәрігерлік тексеру, емдік және дене шынықтыру, тренажерлық зал, сәнді массаж орындығы, массаж, психологиялық кенес, теннис, бильярд, тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы, кітапхана, тұзды шахта бағыт бойынша оңалту шараларына қатысады. Бүгінге дейін арыстық 4052 зейнеткер өз денсаулықтарын осы жерден нығайтып келеді.

Ерекше қажеттілігі бар қариялар үшін бой сергітумен қатар ой сергітуге де мүмкіндіктер қарастырылған екен. Орталықтың ұйымдастыруымен мерекелік түрлі шаралар өткізіліп, тағылымды кездесулерге жастар да қатыстырылады.

Қарты бар елдің қазынасы таусылмайтын елде, ардагерлерді құрметту ісі жылдан жылға жақсарып келеді.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫЛЫҚТАР «КӨШЕМІЗБЕН ДАУЫС БЕРЕМІЗ» ЧЕЛЛЕНДЖІН БАСТАДЫ

Redaktor Arysinfo

Президент Конституцияға өзгерістер тек референдум арқылы енгізілуі тиіс екенін айтты

berdaly_oraz

Шымкент қаласының прокурорлары 290 мектептерде түсіндіру жұмыстарын жүргізді