Президент Түркістан облысының үздік мамандарын марапаттады

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев су шаруашылығы саласының кәсіби мерекесі қарсаңында бірқатар су мамандарына мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар табыстады, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Айтулы күні су саласындағы адал еңбегімен ел дамуына үлес қосқан «Қазсушар» РМК Түркістан филиалының қызметкерлері марапатталды.

Су шаруашылығын дамытуға қосқан сүбелі үлесі үшін аталған мекеменің 5 бірдей маманы Мемлекет басшысының қолынан «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісі мен мемлекеттік наградаларды иеленді. Олар:

• Жолдасбеков Бақтияр Өтепбайұлы – Жетісай өндірістік бөлімшесінің учаске басшысы;

• Сарыбасов Құттыбай Көбейұлы – Мақтаарал өндірістік бөлімшесінің басшысы;

• Жолдас Ғабит Талғатұлы – Бөлім басшысы;

• Көбеев Ерлан Құттыбайұлы – Инженер-гидротехник;

• Жаймұрза Әбдіхалық Нұрмаханұлы – Су шаруашылығы саласының еңбек ардагері.

Ұқсас жаңалықтар

Арыс қаласының оқушысы ҰБТ-да 139 балл жинады

Альфия Адамбек

Түркістан облысының жас шахматшылары ел чемпионатында үздік үштікке енді

berdaly_oraz

Шымкентте «Sky Train» жобасы қарастырылып жатыр