35748 әскери бөлімінің жөндеу ротасы тактикалық-арнайы жаттығу өткізді

Жауынгерлік даярлық бағдарламасына сәйкес 35748 әскери бөлімінің жөндеу ротасының әскери қызметшілері шартты түрде істен шыққан әскери техниканы жөндеу және техникалық қызмет көрсету тапсырмаларын сәтті орындады, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Капитан Нұрлан Мұстафаевтың басшылығымен ротаның жеке құрамы дабыл бойынша көтеріліп, шартты ауданға шығарылды. Онда олар мобильді жөндеу шеберханаларын қолдана отырып, қару-жарақты, әскери және арнайы техниканы қалпына келтірудің әртүрлі кезеңдерін пысықтады.

Қамтамасыз ету бөлімшелерін орналастырудың белгіленген аймағында жөндеу ротасының жеке құрамы әртүрлі агрегаттар мен сыныптағы техникаға қызмет көрсету және жөндеу міндеттерін орындады. Оқу-жаттығу барысында дала жағдайында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге арналған 14 бірлік әскери мамандандырылған техрниканы жұмылдырылды.

Жөндеу жұмыстары қозғалтқыш пен трансмиссия сияқты негізгі техника жүйелерін қалпына келтіруді қамтыды. Бұл әскери қызметшілерге өз дағдыларын жетілдіріп қана қоймай, шектеулі уақыт пен ресурстар жағдайында стандартты емес және күрделі міндеттерді шешуді үйренуге мүмкіндік берді.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте мәдениет және өнер университеті ашылады

Өңір жаңалығы: Қазығұртта 1000 түр гүл және ағаш егілді

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТРАНСПОРТТЫҚ-ЛОГИСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

Пікір жазу