Әкімнің орынбасары рекордсмен оқушыны арнайы құттықтады

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Ұлттық бірыңғай тестілеуден ең жоғары 140 ұпай жинап, рекорд орнатқан Жәнібек Әбілханды қабылдады. Кездесуге Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының директоры Сәуле Исанова мен сынып жетекшісі Гүлзира Бортаева қатысты. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің атынан жас түлекті арнайы құттықтап, сый-сыяпат жасады. Марапат пен оқуға қажет ноутбук құрылғысын табыстады. Ұстаздарына құрмет көрсетті, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

— Апта өңір үшін өте қуанышты жаңалықпен басталды. Оның басты себепкері әрі кейіпкері – Жәнібек өзіңіз. Республика көлемінде Түркістан өңірі мен ауылыңыздың абыройын көтеріп, рекорд жасадыңыз. Отандастарымызға үлгі болдыңыз. Шын жүректен құттықтаймыз! Зияткер оқушымызды білім нәрімен сусындатып, тәрбие берген ұстаздарға алғысымыз мол. Бұл бір күндік жұмыс емес. Жылдарға ұласқан еңбектің нәтижесі. Жәнібек секілді елді білімімен мойындататын шәкірттеріңіз көбейсін. Кәсібиліктеріңізді оқушылар арқылы дәлелдейсіздер. Жәнібек соның жарқын көрінісі. Білім ұясымен таныспыз. Мектептің маңдай алды түлегі ең мықты университетке оқуға түсуіне тілектеспіз. Таңдаған салаңыздың шыңына шығып, мемлекетімізде сұранысқа ие мамандардың бірегейіне айналыңыз. Ата-анаңыз, ұстаздарыңыз бен облыстың үмітін әрдайым ақтайды деп сенеміз. Биік белестерді бағындырыңыз! , — деді Бейсенбай Дәулетұлы.

Жәнібек Асқарұлының мамандығы белгілі. Таңдауы информатика пәніне түскен. Көпбалалы отбасында тұрады. Мұғалімдері бала кезден ақылды, зерек, ізденімпаз, салмақты және табанды екенін айтуда.

Рекордсмен оқушы білім алған мектеп Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Темірлан ауылында орналасқан. 1500-ден астам бала тәлім алып жатыр. Оқу жылында 100-ден астам оқушы мектеп бітіреді. Ғимараты 1986 жылы салынған. Облыс әкімінің орынбасары Б.Тәжібаев Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясы реновация тізіміне енгізілгенін мәлімдеді. Биыл нысанға күрделі жөндеу жүргізіледі. Балалар жаңа оқу жылында жаңғыртылған мектепке барады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Ордабасы ауданының орталығы гүлмен көмкерілді

Изолятордағы туған күн: Жауапты қызметкерлерге қатаң шара қолданылды

berdaly_oraz

Бекзат Саттарханов туралы «Жарқ етіп сөнген 20 жас» кітабының тұсаукесері өтті

Пікір жазу