Республикалық «Ұлттық мектеп лигасында» Сайрамдық оқушылар топ жарды

«Ұлттық мектеп лигасы» аясында өткен республикалық жарыстарда Сайрам ауданындағы  екі бірдей мектептің оқушылары топ жарып, жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Атап айтсақ, «Далабазар» жалпы білім беретін мектебінің 7-8-сынып оқушыларынан құралған ұлдар командасы баскетболдан оза шауып, республикалық чемпион атанса, ал №96 жалпы білім беретін мектептің 7-8-сынып оқушы қыздары волейболдан қарсылас шақ келтірмей, жеңіс тұғырынан көрінді. Бұл қос жеңіс – білім мен спорттың үйлесімді ұштасқанының айқын көрінісі.

Чемпиондарды «Манкент» стансасынан ерекше ықыласпен қарсы алды. Оларды ата-аналары, ұстаздары, достары мен жанкүйерлері гүл шоқтарымен, қуаныш пен мақтанышқа толы көңіл-күймен күтіп алды. Бұл сәт – балалардың ерен еңбегі мен табандылығының, жаттықтырушылар мен мектеп ұжымдарының қолдауының жарқын нәтижесі.

Ұқсас жаңалықтар

500 ОҚУШЫ БІР ДАУЫСПЕН: ТҮРКІСТАНДА МҰҚАҒАЛИ ЖЫРЛАРЫ ЖАҢҒЫРДЫ

Redaktor Arysinfo

18 наурыз – Ұлттық киім күні: дәстүр мен рух сабақтастығы

berdaly_oraz

Түркістаннан Абай облысына керуен аттанды