AMANAT:САЙРАМ АУДАНЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЛАР ТИІМДІЛІГІ АРТЫП, ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШТЕРІ ЖҮЙЕЛІ ШЕШІМІН ТАБУДА

«AMANAT» партиясы халықпен кері байланысты нығайту, әлеуметтік мәселелерді жедел шешу және мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру бағытында өз жұмысын жалғастырып келеді. Бұл міндеттер Сайрам аудандық филиалы жанындағы қоғамдық қабылдау қызметінің күнделікті жұмысы арқылы нақты жүзеге асуда.

Жыл басынан бері қоғамдық қабылдауға жүгінген азаматтардың өтініштері негізінен инфрақұрылым, газбен қамтамасыз ету, қоқыс мәселесі, балалар және спорт алаңшаларын салу, әлеуметтік жәрдемақылар, тұрғын үй, білім мен денсаулық саласындағы түйткілдерге қатысты болған. Түскен өтініштердің басым бөлігі партия бақылауына алынып, жауапты органдардың қатысуымен оң шешімін табуда.

Партияның Сайрам аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қуаныш Адырбекұлы әрбір өтініш иесімен ашық диалог орнату, нақты әрі түсінікті жауап беру — партия жұмысының негізгі қағидасы екенін атап өтті.

Көлкент елді мекені табиғи газбен қамтамасыз етілді

 

Сайрам ауданы Көлкент ауылына газ беру мәселесі бірнеше жыл шешімін таппай келген. 2024 жылы басталған жобаға қаржының уақытылы бөлінбеуі қиындық туғызған. Дегенмен аудандық мәслихат депутаттарының бақылауы мен депутаттық сауалдардың нәтижесінде қараша айында газ беру желілері іске қосылды. Тұрғындар бұл жағдайдың тұрмыс сапасын жақсартатынын айтып, ризашылықтарын білдірді.

 

Жол инфрақұрылымы реттелуде

 

Ақсукент ауылында «AMANAT» партиясы ғимараты алдындағы автотұрақ кеңейтіліп, жүргізушілерге қолайлы жағдай жасалды. «Көрікті Сайрам» КММ тарапынан 150 шаршы метр аумақ қайта реттеліп, кіру жолдары да кеңейтілді.

 

Манкент ауылындағы Сайрам көшесінде екі жыл бойы шешілмеген жол кедергілері мәселесі де оң шешімін тапты. Депутаттардың араласуымен көшеге төрт жерге жол кедергілері орнатылды.

 

Ауыр жүк көліктерінен туындаған мәселе шешілді

Низамабад елді мекенінде ауыр жүк көліктерінің қозғалысы салдарынан тұрғындарға қолайсыздық туындаған. Мәселе аудан әкімінің орынбасарының қатысуымен өткен арнайы жиында қаралып, зауыт басшылары мен жауапты мекемелердің қатысуымен келісім жасалды. Соның нәтижесінде ауыл ішінде асфальт төсеу жұмыстары басталды. Бірқатар компаниялар өз қаражатынан жаяу жүргіншілер жолын да салып беруде.

 

Балалар ойын алаңшалары салынып жатыр

 

Манкент ауылының Ұлықбек көшесінде жаңа балалар ойын алаңшасы салынды. Бұл жоба тұрғындар өтінішінен кейін депутаттық сауал көтеріліп, бюджеттен қаржы бөліну арқылы жүзеге асты.

 

Ақсукенттегі көшелер жөнделді

 

Ақсукент ауылындағы бірнеше көшеде асфальттың опырылуы туралы өтініш қоғамдық қабылдауға түскеннен кейін депутаттық сауал жолданып, Ж.Жабаев, Т.Бигелді, М.Ералиева және өзге де көшелерде жөндеу жұмыстары орындалды. Сондай-ақ Сұраншы батыр көшесіне жаяу жүргіншілер жолы салынды.

 

Әлеуметтік көмек: көпбалалы отбасыларға көмір жеткізілді

«АMANAT» партиясы фракциясының мүшелері — депутаттар Абдурасул Юсупов пен Мадияр Мадалиев көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға 3 тонна көмір жеткізіп берді. Тұрғындар көрсетілген қолдау үшін алғыстарын білдірді.

Ұқсас жаңалықтар

Мақтааралда мектеп формалары тігілетін болады

Түркістан облысы бойынша «Дауыс» байқаушылар коалициясының басшысы: байқаушылар облыстың 922 учаскесін қамтиды.

Redaktor Arysinfo

Түркістан облысының өңірлік логотипін әзірлеу мәселесі қаралды