Бейбарыс Қаблан — таеквондодан (WT) Әлем чемпионы атанды

Қазақстан спортшысы Бейбарыс Қаблан Кенияда өтіп жатқан таеквондодан (WT) 21 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Әлем чемпионы атанды. Финалда ол Оңтүстік Корея спортшысы Ян Чжунёнді жеңді.

Бұл — Бейбарыс Қабланның спорт мансабындағы ең үлкен жеңісі және Қазақстан таеквондо тарихында 21 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы алғашқы алтын.

Бейбарыс Қаблан 87 келіден жоғары салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірген жоқ. Әлем чемпионаты аясында Бейбарыс финалға дейін төрт кездесу өткізді. Іріктеу кезеңдерінде Үндістан, Түркия елінің спортшыларын, жартыай финалда Иран өкілі Ашрафи Амирмохаммадтан 2:1 есебімен басып түсті.

Айта кетерлігі, таеквондодан 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы Әлем чемпионаты 6 желтоқсанға дейін жалғасады. Әлем біріншілігіне барлығы 75 елден 500-ге жуық даянг шебері қатысуда.

Ұқсас жаңалықтар

«Мәйітін тоңазытқышта сақтап, бетпердемен ақшасын алған»: Ақтөбеде дәрігерді өлтірген мейіргер ұсталды

berdaly_oraz

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық  статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің маңызды басымдықтарының бірі- ақпараттық жүйелерді үнемі жаңғырту, жетілдіру қызметі

Таразда мәслихат депутаты Нұрлан Байғазиевке шабуыл жасалды

berdaly_oraz