Арыс ауданы: Шағырлықтар ауыр жүк көліктерінің ауыл ішінен өтуіне қарсы

Арыс қаласына қарасты Монтайтас ауылдық округінің Шағыр станциясы маңында жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Теміржол өткеліне жетпей, тас жолға таразы орнату мақсатында жүргізілген жұмыстардың салдарынан, Арыс бағытына өтетін көліктер Шағыр ауылының ішкі жолдарымен жүруге мәжбүр.Бұл туралы Arysinfo.kz тілшісі хабарлайды.

Алайда ауыл тұрғындары ауыр жүк көліктерінің (фуралардың) өтуіне наразылық білдіруде. Себебі ауылдың ішкі жолдары онсыз да тозып,асфальт төселмеген, ал ауыр көліктер қозғалысы жағдайды одан әрі нашарлатып жатқандығын айтуда.

Жергілікті азаматтың бірі ауыл тұрғындарына үндеу жасап, мәселені шешуге шақырды:

« Шағыр тұрғындары! Ауылдың ішінен фуралар өтіп жатыр. Бұрыннан тозған жолды одан бетер құртып жатыр. Жол жөндеу басталмас бұрын балама жол салу керек еді. Мен бұл мәселені әкімшілікке айтқанмын. Қазірдің өзінде ауыр жүк көліктері кезекпен өтіп жатыр. Ауыл жігіттері жиналып, басшыларына барып сөйлесейік, олардың қанша уақыт жұмыс істейтінін білейік. Үнсіз отыра беруге болмайды!» – деп пікір білдірді.

Оқиға орнына барған аймақтағы тілшіміз ауыл тұрғындарының шағымдарын растайтын жағдайларды өз көзімен көріп қайтты. Оның айтуынша:

  • Жаңбырлы күндері көліктер лайға батып, жүру мүмкін болмайды.
  • Құрғақ күндері ауыр көліктердің өтуі ауылды қалың шаңға орап,қиындық тудырып отыр.

Ауыл азаматтары жергілікті билік өкілдерімен кездесіп, мәселені көтермек.Балама жол салу немесе ауыр көліктердің жүруін уақытша шектеу ұсынылуы мүмкін.Қазіргі таңда жол сапасын сақтау үшін қосымша шаралар қабылдау қажеттілігі туындап отыр.

Жергілікті билік бұл мәселеге қатысты қандай шешім қабылдайды? Бұл жайлы алдағы уақытта белгілі болмақ.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда Өтеген батыр көшесінің бойындағы қойма өртеніп жатыр

berdaly_oraz

Түркістан инвестиция мен туризмнің жаңа белесі

berdaly_oraz

ARTICLE 19 Қазақстан билігін Темірлан Еңсебекке тағылған айыптарды алып, босатуға шақырды

berdaly_oraz

Пікір жазу