Өңір жаңалықтары: Ордабасыда егістік алқаптарына су үнемдеу техналогиялары енгізілуде

Түркістан облысында ағын су тапшылығын төмендету мақсатында егістік алқаптарына су үнемдеу технологияларын енгізу, су нысандарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, жаңбырлатып және тамшылатын суару машиналарын шығаратын зауыттар іске қосылауда, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің өңірдегі егістік алқаптарға су үнемдеу технологиялары ендіру бойынша нақты тапсырмалар берген болатын. Осы бағытта Ордабасы ауданында қарқынды жұмыстар атқарылуда. Ауданға қарасты Жеңіс ауыл округінде бақша және көкөніс егілетін 12 гектар жерге тамшылатып суару жүйесі енгізілуде. Бұдан бөлек, Төрткүл ауылында 50 гектар жерге су үнемдеу технологиялары қолданылуда. Бұл алқапқа мақта, жүгері егілген. Жалпы аудан бойынша тамшылату әдісімен суарылатын жердің көлемі 62 гектарды құрады.

Бұл жүйе су үнемдеуге, өнімділікті арттыруға, өнім сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалықтар

Қауіпсіз жол – басты міндет: республикалық трассаларда бақылау күшейтілді

Redaktor Arysinfo

Гонконг пен Қытай материктік бөлігінің бірлескен делегациясы Қазақстанға келеді

Redaktor Arysinfo

Киелі Түркістанға Ақ Жайық өнер керуені келді