Арыс қаласында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселесі қаралды

Бүгін қала әкімінің орынбасары Ерғали Омарұлының төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Отырыста күн тәртібіне сәйкес жастар мен жасөспірімдерді теріс бағыттағы экстремистік сипаттағы материалдардан және интернет желісінде таралатын өзге де қылмыстық контенттен қорғау мәселесі қаралды.

Аталған мәселе бойынша аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары, полиция капитаны Бекжан Үсенбаев баяндама жасап, интернет кеңістігінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты. Баяндама барысында ол экстремистік бағыттағы идеология мен күмәнді топтардың әлеуметтік желілер арқылы жасөспірімдерді арбау тәуекелдерін атап өтіп, алдын алу шараларын күшейтуді ұсынды.

Сонымен бірге, қосымша баяндама жасаған қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ғани Садыков жастардың ақпараттық иммунитетін арттыру, ата-аналар мен мектеп психологтарының бірлесе жұмыс істеу маңыздылығына тоқталды.

Комиссия мүшелері қаралған мәселе бойынша бірқатар ұсыныстар айтты. Отырыс соңында төраға Ерғали Омарұлы жауапты мекемелерге айтылған ұсыныстарды ескеріп, нақты іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар

Арыс ауданына қарасты Монтайтас ауылындағы көшелерге бейнекамералар орнатылды

berdaly_oraz

Түркістан облысында есірткі қылмысына қатысты халықаралық іздеудегі ер адам ұсталды

berdaly_oraz

Түркістан облысында интернет-алаяқтықпен айналысатын қылмыстық топ әшкереленді