Түркістан: Шардарадағы туристік нысандарда демалушылар үшін қолайлы жағдай жасалып жатыр

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов «Шардара» су қоймасы маңындағы туристік аймақтардың жұмысын тексерді, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Айта кетейік, жазғы демалыс маусымында жағажайлардағы санитарлық тазалық пен келушілердің қауіпсіздігі назарда тұрған мәселе. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров кеше ғана демалыс орындарында тәртіп пен қауіпсіздікті қатаң сақтауды тапсырған болатын. Аталған тапсырма аясында тиісті жұмыстар жүріп жатырн.  Салаға жауапты басшылар бірқатар туристік нысандарды аралап, қызмет көрсету сапасы, инфрақұрылымның жай-күйі және тазалық талаптарының орындалу барысын көрді.

Тексеру жұмыстары барысында, жауапты тұлғалар мен жағажай жұмысын жүргізіп жатқан кәсіпкерлерге анықталған кемшіліктер бойынша сын-ескертпе айтылып, нақты тапсырмалар берілді. Тазалық, қауіпсіздік талаптарын сақтамағандармен заң шеңберінде жұмыс жүргізілуде.

Сонымен бірге жағажайларда құтқарушылар санын көбейту, суға тым жақын орналасқан сәкілерді талапқа сай алыстату, автотұрақты реттеу жұмыстары жүргізілуде. Мониторинг жұмыстары тұрақты жалғасады.

Ұқсас жаңалықтар

Қала мен ауыл арасындағы алшақтық: «Әділет» партиясы өңірлік дамудың жаңа басымдықтарын талқылады

Redaktor Arysinfo

ТОҚАЕВ: КАСПИЙДІ САҚТАУ — ОРТАҚ МІНДЕТ

Альфия Адамбек

Түркістандық жастар Отан алдындағы борышын өтеуге кетті