Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев көпбалалы аналарды ерекше құрметке бөлеп,марапаттады

Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев көпбалалы аналарды ерекше құрметке бөлеп,марапаттады.Бұл туралы Arysinfo.kz тілшісі хабарлайды.

2 ақпан күні өткен салтанатты шарада 19 ана «Күміс алқа», ал 7 ана «Алтын алқа» төсбелгілерімен марапатталды. Бұл марапаттар көпбалалы аналардың қажырлы еңбегіне, ұрпақ тәрбиесіндегі қосқан үлестеріне орай табысталды.

Қала әкімі марапаттау рәсімінде аналардың қоғамдағы маңыздылығын ерекше атап өтті. «Сіздер – еліміздің болашағын қалыптастырып, оның дамуына үлес қосып отырған асыл жандарсыздар. Сіздердің еңбектеріңіз бен төзімдеріңіз халықтың береке-бірлігінің негізі. Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін. Балаларыңыздың әрбір қуанышында бірге болыңыздар!» – деді Қайсар Маңқараев. Әкімнің жылы лебізі салтанатты жиынды одан әрі мәнді етті.

Марапатталған аналар өз алғыстарын білдіріп, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қамқорлыққа ризашылықтарын жеткізді. Олар бұл марапатты тек өздерінің ғана емес, бүкіл отбасы үшін үлкен қуаныш деп есептейді. Сонымен қатар, көпбалалы аналар балалардың тәрбиесі мен болашағы үшін аянбай еңбек ететіндерін атап өтті.

Бұл шараның мәні де үлкен болды, себебі ол қоғамда аналардың қадірі мен рөлін тағы да айқындап, көпбалалы отбасылардың жағдайын жақсарту бағытында мемлекет тарапынан жасалып жатқан жұмыстарды жария етті.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында бюджет кірістері артып келеді

berdaly_oraz

Шымкентте «Sky Train» жобасы қарастырылып жатыр

Сарыағашта 19 жастағы мүгедек жігітті айуандықпен өлтірген күдікті қамауға алынды

berdaly_oraz

Пікір жазу