Өңір жаңалығы: Сауранда жаңа ғимарат ашылды

Түркістан облысы, Сауран ауданында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жаңа әкімшілік ғимараты пайдалануға берілді, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Бұл нысанда қауіпсіздік қызметкерлеріне қолайлы жағдай жасалған. Нысанның ашылуына Түркістан облысының әкімі Н.Көшеров, ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы Б.Қалмұрзаев және сала ардагерлері қатысты.

“Мемлекет басшысының бастамасымен жүргізіліп жатқан реформалар аясында ұлттық қауіпсіздік жүйесін нығайтуға үлкен көңіл бөлінуде. Ел тыныштығы – ең қымбат құндылық. Ел мүддесін қорғау – әрбір азаматтың қасиетті парызы. Бұл –  еліміздің  қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды қадам. Жаңадан қалыптастып келе жатқан Сауран ауданы құрылғалы бері ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Аймақтың дамуы жалғаса береді”, – деді Нұралхан Көшеров.

Саудан ауданы 12 ауылдық округтен тұрады, онда жалпы саны 33 елді мекен бар. Аудан орталығы – Шорнақ елді мекені. Жалпы аумағы 646 мың гектардан асатын Сауран ауданында 103 мың адам тұрады.

Ұқсас жаңалықтар

Арыстағы сенбілік: қарапайым тазалық па, әлде халықтың шынайы бірлігі ме?

Альфия Адамбек

Мектеп асханаларында фастфуд пен кофеге тыйым салынды: жаңа тамақтану стандарттары енгізіледі

berdaly_oraz

Ерекше балаларға арналған мерекелік шара өтті