Арыс қаласының оқушысы ҰБТ-да 139 балл жинады

Арыс қаласының дарынды жастары білім биігін бағындырып, ҰБТ-да жоғары нәтиже көрсетуде, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Солардың бірі – С.Адамбеков атындағы жалпы білім беретін мектептің 11 «Ә» сынып оқушысы, «Үздік аттестат» үміткері Ағабек Арман Бауыржанұлы. Ол 2025 жылдың наурыз айында өткен ақылы Ұлттық бірыңғай тестілеуде (ҰБТ) 140 мүмкіндіктің 139-ын жинап, жоғары нәтиже көрсетті.

Арманның көрсеткен нәтижелері:

Қазақстан тарихы – 20/20

Оқу сауаттылығы – 10/10

Математикалық сауаттылық – 10/10

Математика (бейіндік пән) – 49/50

Информатика (бейіндік пән) – 50/50

Жас талапкердің осындай жоғары балл жинауы – оның білімге деген құштарлығының, ұстаздарының сапалы дайындығының және ата-анасының қолдауының айқын дәлелі.

Ұқсас жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ

Redaktor Arysinfo

Түркістан облысында ана мен бала денсаулығын жақсарту бағытындағы жұмыстар күшейтілуде

«Мердігер неге қашып жүр?» Арыс ауданы Атамекен ауылындағы жарықтандыру жұмыстарына қатысты мәселе сотқа жетті

berdaly_oraz