Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ж. Жолдасбековтің 2026 жылғы 5 қаңтардағы №30/02 хатына сәйкес, жанар-жағармайды (дизель отынын) жеткізуші әлеуетті оператор болуға ниет білдірген кәсіпкерлерден белгіленген талаптарға сай құжаттарды жинақтап, 2025 жылғы 15 қаңтарға дейін, сағат 13:00-ге дейін қалалық ауыл шаруашылығы бөліміне ресми хат жолдау сұралады.
Анықтама үшін байланыс телефоны:
8 (72531) 5-92-19
Әлеуетті дизель отынын жеткізуші операторларға қойылатын талаптар мен ұсынылатын құжаттар:
Салық органдарынан алынған бюджетке берешектің жоқтығы туралы анықтама;
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге дизель отынын сатып алу, сақтау, тасымалдау және жеткізу қызметтері бойынша үстеме бағаның жалпы сомасы көрсетілген баға ұсынысы (калькуляция);
Қазақстан Республикасының ішкі нарығында кемінде 2 жыл мұнай өнімдерін өткізу тәжірибесінің бар екенін растайтын құжаттардың көшірмелері;
Дизель отынының қажетті көлемін сатып алуға жеткілікті ақшалай немесе кредиттік қаражаттың бар екенін растайтын банк анықтамасы;
Қызмет көрсетуші банктен алынған, өтінім берілген күннің алдындағы 3 ай ішінде мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы, уәкілетті тұлғаның қолы қойылған және мөрмен (бар болса) расталған анықтама;
Егер әлеуетті оператор бірнеше екінші деңгейлі банктердің клиенті болса, мұндай анықтама әр банктен жеке ұсынылады;
Өтінім берілген күнге дейінгі 5 күннен ерте емес мерзімде берілген салық берешегінің жоқтығын растайтын құжат;
Мұнай өнімдері базасына немесе резервуарға меншік құқығын (немесе жалдау шартын) растайтын құжат;
Мұнай өнімдері базасының техникалық жай-күйі туралы мәліметтер, оның ішінде:
– техникалық паспорттың көшірмесі;
– цистернасы бар автомашина (бензовоз) үшін таразының болуы;
Көктемгі егіс және егін жинау кезеңінде демалыс және мереке күндері дизель отынын үздіксіз босату жөніндегі келісім-хат;
Меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде дизель отынын тасымалдауға арналған цистернасы бар автомашинаның (бензовоздың) бар екенін растайтын құжат;
Аудан аумағындағы жанармай құю бекеттерінің саны туралы мәлімет;
Тауарға ілеспе жүкқұжатқа сәйкес дизель отынын тасымалдау кезінде электрондық шот-фактуралардың «Виртуалды қойма» модулін қолдану туралы растау.
Ескерту:
Осы талаптардың 2), 3), 4), 5), 6) тармақшалары ресурс ұстаушыдан дизель отынын өз бетінше сатып алатын ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге қолданылмайды.
