Арыста қол күрестен ашық біріншілік өтті

Арыс қаласында 9 мамыр – Жеңіс күніне және Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай «Спорт – нашақорлыққа қарсы» ұранымен ересектер мен жасөспірімдер арасында қол күрестен ашық қалалық біріншілік өтті, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Шара Әл-Фараби орталық алаңында ұйымдастырылды.

Аталған спорттық іс-шара Арыс қаласы әкімдігінің қолдауымен, «Qazaq_qym-Аrys» және «Kazakh Real Stroy» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің демеушілігімен өткізілді.

Біріншілікке Арыс қаласы мен Түркістан облысына қарасты аудан-қалалардан келген 300-ден аса спортшы қатысты. Жарыс 65, 75, 85 және +85 келі салмақ дәрежелері бойынша, 18 бен 35 жас аралығындағы спортшылар арасында өтті.

Жарыстың басты мақсаты – жастар арасында қол күрес спортын кеңінен насихаттап, салауатты өмір салтын ұстануға үндеу, жастарды зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру.

Сайыс барысында қатысушылар өздерінің күш-қайратын ортаға салып, нағыз шеберлік пен жігердің үлгісін көрсетті. Жеңіске деген құштарлық пен спорттық рух алаңға жиналған көрермендерге ерекше әсер қалдырды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Арыс қаласы әкімінің орынбасары А. Сұлтановтың арнайы алғыс хаттарымен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бұл жарыс – қаламыздағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған игі бастамалардың бірі болып табылады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістандық жүзу шеберлері Қазақстан чемпионатында 12 медаль иеленіп, командалық есепте екінші орын алды

berdaly_oraz

Түркістан облысында Сауран аудандық полиция қызметкерлері пәтер ұрлығына күдікті ер адамды ұстады

berdaly_oraz

Ертең Арыста жалпы қалалық сенбілік өтеді

berdaly_oraz

Пікір жазу