Ертең Арыста жалпы қалалық сенбілік өтеді

Арыс қаласы тазалық пен тәртіпке бет бұрды. 5 сәуір күні қалада кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылмақ. Бұл бастама — туған өлкені абаттандыруға бағытталған маңызды шара.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, сенбілік Арыс–Шымкент, Арыс–Монтайтас және Арыс–Байырқұм бағытындағы тас жолдар бойында өтеді. Сонымен бірге әр тұрғын өз үйінің маңайын, көшесін тазалап, қоршаған ортаны күтіп-баптауға белсенді үлес қоса алады.

— Тазалық — тек сыртқы көрініс емес, бұл – азаматтық жауапкершіліктің көрсеткіші. Әрбір тұрғын сенбілікке қатысу арқылы туған қаласына деген жанашырлығын білдіреді, — дейді ұйымдастырушылар.

Бұл күн — тек қоқыс жинау емес, ұрпаққа үлгі, бірлік пен серпілістің күні болмақ. Арыс жұртшылығы бұл игі бастаманы қолдап, қаланы көркейтуге жұмыла кіріседі деп күтілуде.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ӘЗЕРБАЙЖАН ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІНІҢ «ТІЛІ, МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ САЛТ-ДӘСТҮРІ» КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Redaktor Arysinfo

Түркістандық әлем чемпионы туған жерге оралды

АРЫС ҚАЛАСЫНДА ҚҰРАН ОҚУДАН ҚЫЗДАР АРАСЫНДА ЖАРЫС ӨТТІ

Redaktor Arysinfo