Арыста «Салт дәстүрім – алтын қазынам» атты тағылымды іс-шара өтті

Арыс қалалық Ардагерлер үйінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Салт дәстүрім – алтын қазынам» атты тағылымды іс-шара өтті. Бұл кешке қала әкімінің орынбасары Ерғали Омарұлы, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тәңірберген Әсіл, ішкі саясат бөлімі басшысы Ғани Сауытбекұлы, ардагерлер кеңесінің мүшелері, сондай-ақ балабақша мен мектеп шәкірттері қатысты.

Іс-шара көктемнің алғашқы айында, алғыс айту күні мен аналар күнінің аясында ұйымдастырылып, ұлттық салт-дәстүрлерімізді жаңғыртуға бағытталды. Жиында қала әкімінің орынбасары Ерғали Омарұлы мен ардагерлер кеңесінің төрағасы Тәңірберген Әсіл қазақ халқының ұлттық құндылықтарының маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, әжелер алқасы көрісу мерекесінің жоралғысын көрсетіп, жиналған көпшілікті дәстүрлі мейраммен құттықтады.

Іс-шара барысында «Балдырған» бөбекжай-бақшасының тәрбиеленушілері қазақтың ұлттық өнері мен дәстүрлерін қамтыған қойылымдар ұсынды. «Асатаяқ» биі, «Ақ әжем» әні және «Тұсау кесер» рәсімі көрермен назарына ұсынылып, жас өнерпаздар қазақ мәдениетінің бай мұрасын паш етті.

Бұл тағылымды кеш ата-бабадан мирас болып қалған құндылықтарды жаңғыртып, жас ұрпаққа ұлттық тәрбиенің маңыздылығын ұғындыруға бағытталды. Арыс қаласының ардагерлері мен жас буынды тоғыстырған бұл шара халықтың рухани бірлігін нығайтып, мәдени мұрамызды насихаттауға өз үлесін қосты.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысының әкімі кәсіпкерлікті дамытуды тапсырды

Нұралхан Көшеров Кентау тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады

berdaly_oraz

ДУБАЙДА ЕМЕС — БОЗАЙДА: ӘН САЛАТЫН ҚҰМНЫҢ ҚҰПИЯСЫ

berdaly_oraz

Пікір жазу