Астана қаласында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық «Алтын тұғыр» математикалық олимпиадасы өтті. Бұл байқау еліміздің үздік педагогтерін анықтау, олардың кәсіби біліктілігін арттыру және заманауи оқыту әдістерін насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
Аталған олимпиадада Арыс қаласындағы № 8 В. Комаров атындағы жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Утеуова Светлана Сергеевна жоғары нәтиже көрсетіп, II дәрежелі дипломмен марапатталды.
Сайыс барысында қатысушылардың математикалық білім деңгейі, логикалық ойлау қабілеті және оқыту әдістерін тиімді қолдану шеберлігі бағаланды. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған үздік педагогтер арасында Светлана Сергеевна өз білімі мен кәсіби шеберлігін жоғары деңгейде дәлелдеп, жүлделі орынға ие болды.
Бұл марапат – ұстаздың білім саласына қосқан еңбегінің жемісі. Светлана Сергеевна жаңашылдығы мен шәкірттеріне сапалы білім беруге деген ұмтылысымен ерекшеленеді. Оның жетістігі – жас ұрпақтың болашағына бағытталған қажырлы еңбектің айқын дәлелі.