Оңтүстік-Шығыс Азияда жойқын жер сілкінісі болды

Оңтүстік-Шығыс Азияда жойқын жер сілкінісі болды,-деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің тұрғындары әлеуметтік желілерде жер сілкінісінің кадрларын белсенді түрде жариялауда. Жер сілкінісінің эпицентрі Мьянмада болғанымен, оның дүмпуі Бангладеш, Үндістан, Тайланд, Лаос және Қытайда да сезілді.

Тайланд билігі афтершоктардың күтілетінін хабарлады. Осыған байланысты:

  • Биік ғимараттардан адамдар эвакуацияланды,
  • Метро жұмысы уақытша тоқтатылды,
  • Көптеген компаниялар қызметкерлерін үйлеріне қайтарды.

Бангкокта жер сілкінісінен кейін үлкен көлік кептелістері пайда болды. Әлеуметтік желілерде қираған ғимараттар мен бүлінген инфрақұрылым туралы көптеген видеолар тарауда.

Қазіргі уақытта құтқару жұмыстары жүргізілуде. Билік азаматтарды сақтық шараларын сақтауға және ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақыруда.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА АУҚЫМДЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ШАРА ӨТТІ

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ ЖАҢА ЖЫЛДЫҢ БІРІНШІ КҮНІ 106 НӘРЕСТЕ ДҮНИЕ ЕСІГІН АШТЫ

berdaly_oraz

Түркістанда 5 күнде 424 жасөспірім полицияға жеткізілді

berdaly_oraz