Түркістан облысының спортшылары — республикалық спартакиада жеңімпаздары

Көкшетау қаласында көру қабілеті бұзылған спортшылар арасында шахматтан VII Республикалық спартакиада өтті, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Ауқымды додаға Астана, Алматы, Шымкент қалаларымен қатар еліміздің 16 облысынан 100-ге жуық спортшы қатысты. Бұл – ерекше жандардың спорттағы ерік-жігері мен қайсар рухын танытатын маңызды алаңға айналды.

Жарыс жекелей және командалық форматта ұйымдастырылды. Түркістан облысының намысын Арыс қаласының танымал шахмат шебері, білікті жаттықтырушы Асатулла Супбаев, Түркістан қаласынан Жұмаділдаев Қуанышбек және Кентау қаласынан Әсел Амангелді қорғады.

Жерлестеріміз жоғары деңгейде өнер көрсетіп, командалық есепте І орынды иеленіп, тарихи жеңіске қол жеткізді.

Бұл табыс – спортшыларымыздың табанды еңбегі мен жүйелі дайындықтың жемісі.

Айта кетейік, осымен жетінші мәрте ұйымдастырылып отырған бұл спартакиада еліміздегі мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында бұқаралық және кәсіби спортты дамытуды, сонымен қатар салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат етеді.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАЛЫҚ АСПАЗДАР РЕФЕРЕНДУМ КҮНІ ДАУЫС БЕРДІ

berdaly_oraz

Мін іздеуден бұрын түсінуге, сын айтудан бұрын қолдау көрсету нағыз парасаттылықтың белгісі

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАНДА АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ИТТЕР КӨРМЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

berdaly_oraz