Азия чемпионы Бекасыл Асамбек Түркістанда салтанатпен қарсы алынды

Тайландтың Паттайя қаласында өткен еркін күрестен U20 жастар арасындағы Азия чемпионатында 60 келі салмақта алтын медаль жеңіп алған түркістандық Бекасыл Асамбек туған жеріне оралды.

Жас чемпионды Түркістан халықаралық әуежайынан Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров, спорт ардагерлері, бапкерлері, туған-туыстары мен жанкүйерлері зор құрметпен қарсы алды.

Салтанатты рәсімде Бекасылдың тарихи жетістігі жоғары бағаланып, оған алдағы Словакияда өтетін әлем чемпионатында да ел намысын абыроймен қорғап, алтын жүлде иеленуге тілектестік білдірілді.

Бекасыл Асамбектің Азия чемпионатындағы жеңісі – табанды еңбек пен жүйелі дайындықтың нәтижесі. Айта кетейік, ол Түркістан облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентке алты өңірден шақырылған сарбаздар әскери ант қабылдады

Алматыда Өтеген батыр көшесінің бойындағы қойма өртеніп жатыр

berdaly_oraz

Түркістан: Отбасын қолдау орталықтарында жыл басынан бері 4 мыңнан астам қызмет көрсетілген