“Бала өлімінен кейін”: Шымкент әкімі аудан әкімін қызметінен босатты

Шымкенттің Қаратау ауданындағы Тұран шағынауданында алты жасар бала су жиналған шұңқырға құлап, көз жұмғаннан кейін аудан әкімі қызметінен кетті, -деп хабарлайды Arysinfo.Kz.

Қайғылы оқиға 12 сәуір күні №10 көшеде орын алған. Осы оқиғаға байланысты қала әкімдігі бірқатар лауазымды тұлғаларға тәртіптік шаралар қолданғанын мәлімдеді.

Энергетика және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысына қатаң сөгіс жарияланды. Қаратау ауданының әкімі Рахманбек Мүлкеманов атқаратын қызметінен босатылды.

Сондай-ақ күтіп-ұстау және абаттандыру жұмыстарымен айналысқан мердігер ұйымдардың басшыларына қатысты тергеу жүргізілуде. Іс материалдары тергеу аяқталған соң сотқа жолданады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысы әскерге шақырушылар саны бойынша Республикада көш бастап тұр

Түркістан облысының полициясы заңсыз айналымнан 140 келіге жуық есірткі заттарын тәркіледі

Нұралхан Көшеров өңір тұрғындарының мәселелерін тыңдады

berdaly_oraz