Түркістанда 5 күнде 424 жасөспірім полицияға жеткізілді

Түркістан облысында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында бес күн ішінде 424 жасөспірім полицияға жеткізіліп, 415 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Бұл туралы Түркістан облысы ПД өкілі Мұхтар Туғанбаев мәлімдеді.

Рейд барысында түнгі уақытта заңсыз жүрген 302 жасөспірімнің ата-анасына ескерту беріліп, тәрбиелеу міндетін орындамаған 29 ата-ана, ойын-сауық орындарында жасөспірімдердің болуына жол берген 18 кәсіпкер әкімшілік жауапқа тартылды. Сондай-ақ, профилактикалық есепке 29 бала мен 22 ата-ана қойылды.

Жыл басынан бері өңірде жасөспірімдер қылмысы 27,8%-ға төмендеген. Мектептерде әлімжеттіліктің алдын алу мақсатында анонимді сауалнамалар жүргізіліп, құқықтық сауаттылыққа арналған лекциялар мен бейнероликтер ұйымдастырылған.

Ұқсас жаңалықтар

ЖАСТАРҒА ӘСКЕРИ ТӘРБИЕ: ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ ДАЛАЛЫҚ ЖИЫНДАР БАСТАЛДЫ

МҮҒАЛІМДЕР МЕН АҚ ХАЛАТТЫЛАРҒА ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ

Redaktor Arysinfo

40 градус аптап: Қазақстанның қай өңірі күйіп тұр?

Redaktor Arysinfo