Беймезгіл уақытта көшеде қаңғып жүрген 273 жасөспірім анықталды

Түркістан облысының аумағында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және түнгі уақытта ересектердің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болған жасөспірімдерді анықтауға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шара өткізіліп, 1 тәулікте 273 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Оның ішінде полицейлер ата-аналардың бала тәрбиесі жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамауының 22 фактісін анықтады. Кешкі сағат 22:00-ден кейін кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарында болуына жол берген 8 мекеменің иесі жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, түнгі сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық орындарында болған 14 кәмелетке толмаған мен сағат 23:00-ден кейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде жүрген 209 жасөспірім анықталды. Профилактикалық есепке 36 кәмелетке толмаған алынды, оның 21-і құқық бұзушылыққа бейім жасөспірім болса, 15-і қолайсыз отбасы.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары студенттермен және оқушылармен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, оның ішінде есірткі мен психотроптық заттарды қолданудың зияны туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Ұқсас жаңалықтар

«Қар,жаңбыр,күшті жел» Қазақстанда 7 наурызда қолайсыз ауа райы болжануда

berdaly_oraz

Азаттықтың жабылуын қолдайтындар тәуелсіз журналистикадан қорқады – Қалима Тәжіқұл

berdaly_oraz

Түркістан облысында құқық қорғау қызметкерлері жасөспірімдермен кездесу ұйымдастырды

berdaly_oraz

Пікір жазу