Өңірлік жаңалық: Төлебиде мемлекеттік қызметшілер 18 шақырым өзен бойын тазалады

Төлеби ауданында “Таза Қазақстан” республикалық бағдарламасының «Жасыл толқын» шеңберінде аудан көлемінде жалпыаудандық  сенбілік ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Сенбілікке аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов, мемлекеттік қызметшілер, еріктілер, жастар қатысып, Сайрамсу өзені жағалауын күл -қоқыстан тазартты. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру және аудан аумағын абаттандыру мақсатында сенбілікке 300-ге жуық адам қатысты.

Игі шараға ат салысқандар 18 шақырым өзен жағалауын шыны, пластикалық бөтелкелерден, тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Тазалық шарасына 10 техника жұмылдырылып, 5 тонна қоқыс арнайы орынға жеткізілді.

Сондай-ақ, аудан халқы тұрғылықты мекенжайындағы балалар ойын алаңшалары, ішкі көшелер, саябақ, аллеяларды тазалап, қоқыстар арнайы орынға жеткізілді. Еріктілер, жастар аудандағы су қорғау аймақтары, өзен жағалаулары, жол жиектері тазаланды. Бұдан бөлек, аудандық, облыстық маңызы бар жол бойларына көшеттер отырғызылып, қураған талдар кесіліп, әктелді.

Ұқсас жаңалықтар

Өңір жаңалықтары: Ордабасыда тұқымбақтар саны артып келеді

«Turan Cup-2025» халықаралық футбол додасы мәреге жетті

Түркістандағы ел чемпионатында су айдынының иелері ешкімге дес бермеді

Альфия Адамбек