Қанат Бозымбаев: Тергеу аяқталғанша шахтадағы жұмыс тоқтатылады

Вице-премьер Қанат Бозымбаев «Қазақмыс» корпорациясының басшылығымен кеңес өткізіп, өндірістегі қауіпсіздік мәселелерін талқылады. Ол тергеу аяқталмайынша шахтадағы жұмысты қайта бастауға болмайтынын қатаң ескертті.Бұл туралы Ushqyn.kz-ке сілтеп Arysinfo.kz хабарлайды.

— Тергеу шахтаның қаншалықты қауіпті немесе қауіпсіз екенін анықтамайынша, жұмысты қайта жалғастыруға болмайды. Өндірістегі жүйе мен тәсілдерді түбегейлі өзгерту қажет, біз мемлекет тарапынан бұл талаптарды күшейтеміз, — деді Қанат Бозымбаев.

Оның айтуынша, өнеркәсіптік қауіпсіздікті бақылауды күшейту үшін арнайы комитет құрылып, заңнамалық өзгерістер енгізілмек. Қазіргі уақытта Парламентте тиісті заң жобасы қаралуда, бұл құжат төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын күшейту үшін Төтенше жағдайлар министрлігіне қосымша өкілеттіктер беруді көздейді.

Сонымен қатар, вице-премьер Үкімет өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтынын жеткізді. Тергеу нәтижелерінен кейін «Қазақмыс» компаниясының келісімшарттық міндеттемелері қайта қаралатын болады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Оңтүстік өңірлердің дамуы талқыланды: 41 мың жұмыс орны ашылады

berdaly_oraz

Түркістан облысында биыл 172 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр

Қайсар Маңқараев: Тыл ардагерлеріне құрмет – ұрпақ парызы

berdaly_oraz

Пікір жазу