Қару иелері тексерілетін болады

Жедел жағдайды тұрақтандыру, сондай-ақ азаматтық қару айналымын бақылау мақсатында 2025 жылдың 17-25 сәуір аралығында Республикалық аумағында «Мерген» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Іс шара барысында полиция қызметкерлері тіркелген азаматтық қару иелерін мекен-жайы бойынша, сақтау заңнамасына сәйкестігі тексеріледі.

Заңсыз сақталған қару-жарақты тапсыру мәселелері бойынша кез келген аумақтық полиция органына немесе 102 телефон нөмірі бойынша өтінішпен жүгінуге болады. Естеріңізге сала кетейік, заңсыз сақталған қару-жарақ заттарын тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Ұқсас жаңалықтар

ЖЫЛДЫҚ 12,6% МӨЛШЕРЛЕМЕМЕН «ӨРЛЕУ» ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Redaktor Arysinfo

Қазақстанда соңғы қоңырау уақыты өзгерді

ТҮРКІСТАН: АЙМАҚТА АЙШЫҚТЫ ЖОБАЛАР КӨП

Redaktor Arysinfo