Қазақстандықтар вирустық гепатитке скринингтен өтеді

Қазақстанда 18 жастан асқан азаматтар вирустық гепатит В және С-ні анықтауға арналған толық скринингтен өтеді. Бұл бастама Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген пилоттық бағдарламаның аясында жүзеге асырылады,деп хабарлайды Arysinfo.kz тілшісі.

Мамандардың айтуынша, вирустық гепатит – көбіне симптомсыз өтетін ауру. Дәрігерге кеш жүгінген науқастардың 65%-ында бауыр обыры дамиды. Ал бұл өз кезегінде өлімге немесе мүгедектікке әкелуі мүмкін.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, негізгі мақсат – вирустың тасымалдаушыларын ерте анықтап, оларды уақытылы емдеу. Скрининг бағдарламасы тұрғындарға аурудың алдын алуға мүмкіндік береді және инфекцияның таралуын азайтуға ықпал етеді.

Бағдарлама пилоттық режимде іске қосылады, кейін оның тиімділігіне байланысты ұлттық деңгейде кеңейтілуі мүмкін.

 

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанның жаңа дизайн коды таныстырылды: қаланың сәулеттік бірегейлігін сақтау көзделуде

berdaly_oraz

ҰБТ-дан 140 балл жинаған түркістандық жігітке пәтер сыйланды

«Шу қаласынан шу шықты»: Дәрігерлер жүкті әйелдің мәйітін жертөледе жасырған

berdaly_oraz

Пікір жазу