Кентауда соңғы қоңырау шарасы аталып өтті

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов екі мың жылдық тарихы бар Қарнақ ауылындағы М.Қашқари атындағы жалпы орта мектепте өткен «Соңғы қоңырау» салтанатты шарасына қатысты, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Салтанатты жиында қала басшысы мектеп ұжымын, оқушылар мен ата-аналарды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, бітіруші түлектерге жылы лебізін білдіріп, түлектерге ақ жол тіледі.

Сондай-ақ оқушылардың биылғы жетістігінің нәтижесінде М.Қашқари жалпы орта мектебі ҚР білім министрінің «Үздік мектеп» номинациясына ие болды.

Айта кетейік, 2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша Кентау қаласы бойынша 657 оқушы мектеп бітіреді. Оның ішінде, 599 оқушы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға ниет білдірген. Ал 49 түлек – «Алтын белгіге», 32 түлек – «Үздік аттестатқа» үміткер.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді

Redaktor Arysinfo

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ «ORANO» КОМПАНИЯЛАР ТОБЫНЫҢ БАСШЫСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Redaktor Arysinfo

Түркістанда заңсыз салынған 14 ғимарат сот шешімімен бұзылды

berdaly_oraz