ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ҚОҚЫСТЫ БЕЙ-БЕРЕКЕТ ТАСТАҒАНДАРҒА ҚАТАҢ ШАРА ҚОЛДАНЫЛАДЫ

Қоршаған ортаның тазалығы – қоғамның мәдениеті мен жауапкершілігінің маңызды көрсеткіштерінің бірі. Соңғы уақытта елді мекендерде тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастау, көшелер мен қоғамдық орындарды ластау жағдайлары кездесіп жатады.

Қоқысты кез келген жерге тастау – қоршаған ортаға зиян келтіріп қана қоймай, елді мекеннің санитарлық жағдайына кері әсер етеді. Мұндай әрекеттердің алдын алу мақсатында жауапты органдар тарапынан бақылау жұмыстары жүргізіліп, заң талаптарын бұзған азаматтарға тиісті шаралар қабылданады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға сәйкес, белгіленбеген орындарға қоқыс тастауға және қоршаған ортаны ластауға жол берген тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Сондықтан әр азамат тазалық талаптарын сақтап, тұрмыстық қалдықтарды арнайы белгіленген орындарға тастауы қажет. Жуырда Түркістан облысы Арыс қаласында қоршаған ортаны қорғау мәселесі қатаң бақылауға алынды.

Атап айтқанда, Арыс қаласы аумағында рұқсат етілмеген жерлерге төгілген қоқыстар арнайы техникалардың көмегімен тазартылды. Тазалық жұмыстары тұрақты жүргізіліп жатқанымен, кейбір тұрғындардың қоқысты белгіленбеген орындарға тастау деректері әлі де азаймай отыр.

Сондықтан Арыс қаласы әкімдігі тұрғындарды қоқыс шығару қызметін көрсететін мекемелермен келісімшарт жасап, тұрмыстық қалдықтарды заң талаптарына сай шығаруға шақырады.

Алдағы уақытта рейдтік іс-шаралар күшейтіліп, қоршаған ортаны ластаған азаматтарға заң аясында тиісті шаралар қолданылады деді әкімдік қызметкерлері. Қаланың тазалығы – әр тұрғынның ортақ міндеті.

Тазалық тек коммуналдық қызметтердің немесе жергілікті атқарушы органдардың міндеті емес. Бұл – баршамызға ортақ жауапкершілік. Өз ауламызды, көшелерімізді және қоғамдық орындарды таза ұстау арқылы туған жеріміздің көркеюіне үлес қоса аламыз.
Таза қала – жайлы орта. Тазалықты сақтайық, табиғатты қорғайық!

Ұқсас жаңалықтар

Жетісайда қоғамдық көліктер жаңартылып жатыр

Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Қазақстан азаматтарына арналған ұсынымдар

Redaktor Arysinfo

Жетісайлықтар құлпынай өсіруді қолға алуда