ТҮРКІСТАН ДАМУ ҚАРҚЫНЫ БОЙЫНША ЕЛДЕ КӨШ БАСТАДЫ

дереккөз фото:Түркістан облысы әкімдігі

Түркістан облыстық мәслихатының кезекті сессиясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджет қаражатының игерілуі талқыланды. Жиынға облыс әкімі Нұралхан Көшеров, депутаттар мен мемлекеттік орган басшылары қатысты.

Сессия барысында облыстың негізгі салалары бойынша есептер тыңдалып, бірқатар маңызды шешімдер қабылданды. Облыс әкімі өңірдің соңғы бес айдағы қысқа мерзімді экономикалық өсімі 123,3 пайызға жетіп, Түркістан облысының республика бойынша бірінші орынға шыққанын атап өтті.

Депутаттар атқарылған жұмыстарға оң баға беріп, өңірді дамытуға қатысты ұсыныстарын жеткізді. Биыл облысқа 614,2 млрд теңге инвестиция тартылып, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 150,5 пайызға артқан. Сонымен қатар, алдағы жылдары жүзеге асырылатын 122 инвестициялық жоба аясында 17 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Ұқсас жаңалықтар

Нұралхан Көшеров: Түркістан өндірісі дамыған өңірлер қатарынан табылады

Redaktor Arysinfo

Солтүстік Қазақстанда құсбегілер сайысы өтті

berdaly_oraz

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: ТАЗАЛЫҚ – ӨЗІМІЗДЕН БАСТАЛАДЫ!

Redaktor Arysinfo