Құрылыс саласындағы нормаларды сақтамау ірі көлемдегі айыппұл төлеуге соқтырады

Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы құрылыс салу барысында заңдар мен құрылыс нормаларының талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді, — деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Құрылыс салу кезінде сақталуы тиіс талаптар «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңы мен «Құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту» қағидаларында көрсетілген.

Құрылысты іске асыру келесі кезеңдерде жүзеге асырылады:

1) жер учаскесіне тиісті құқық беру құжатын алу;

2) құрылыс жобаларын әзірлеу үшін сәулет-жоспарлау тапсырмасын алу;

3) эскиздік жобаны әзірлеу және келісу;

4) жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу;

5) жобалау құжаттамасын ведомстводан тыс сараптамадан өткізу;

6) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органға құрылыс жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама жолдап құрылысты бастау;

7) салынған объектіні пайдалануға қабылдау.

Құрылыс саласындағы Заңнама мен нормаларды сақтамау ірі көлемдегі айыппұлдар төлеуге, сонымен қатар заңсыз салынған құрылысты бұзуға әкеп соғатынын ескертеміз.

Ұқсас жаңалықтар

Зейнеткерлерді қаржылық тығырықтан шығару жолдары ұсынылды

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТАУАРЛЫ БАЛЫҚ ӨСІРУМЕН АЙНАЛЫСАТЫН КӘСІПКЕРЛЕР САНЫ 231-ГЕ ЖЕТТІ

Маңғыстау облысында 15 жастағы оқушы мектепке бармауы салдарынан ата-анасына айыппұл салынды

berdaly_oraz

Пікір жазу