Маңғыстау облысында 15 жастағы оқушы мектепке бармауы салдарынан ата-анасына айыппұл салынды

Сурет: shutterstock.com

Маңғыстау облысында 15 жастағы оқушы мектепке бармауы салдарынан ата-анасына айыппұл салынды. Бұл оқиға ауданаралық мамандандырылған сотта қаралды,деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Оқиға бойынша, оқушы қыз екі аптаға жуық сабаққа қатыспаған, нақты айтқанда 17 күн бойы мектепке бармаған. Осы жағдайдан кейін оның ата-анасына қатысты сот ісі қозғалып, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 127-бабының 2-бөлігіне сәйкес, «кәмелетке толмаған балаларды оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамау» айыбы тағылды.

Сот барысында ата-анасы өздерінің кінәсін мойындап, нәтижесінде оларға 55 380 теңге көлемінде айыппұл салынды. Мектеп басшылығының айтуынша, бұл жағдай бірінші рет болып тұрған жоқ.

 

Ұқсас жаңалықтар

Еңбек қауіпсіздігін сақтамағандарға қатаң шаралар енгізілді

berdaly_oraz

«Депутаттық сауалымның еш қатысы жоқ» Жигули Дайрабаев «Ауыл» партиясындағы қызметінен неге кеткенін мәлімдеді

berdaly_oraz

Түркістан облысында эпизоотиялық ахуал тұрақты: ветеринариялық және алдын алу шаралары күшейтілді

berdaly_oraz

Пікір жазу