«Мердігер неге қашып жүр?» Арыс ауданы Атамекен ауылындағы жарықтандыру жұмыстарына қатысты мәселе сотқа жетті

«Мердігер неге қашып жүр?» Арыс ауданы Атамекен ауылындағы жарықтандыру жұмыстарына қатысты мәселе сотқа жетті,-деп хабарлайды Arysinfo.kz тілшісі.

Арыс ауданына қарасты Монтайтас округінің Атамекен ауылында көше жарығын қалпына келтіру жұмыстары мерзімінде орындалмай, тұрғындардың наразылығын тудырды. Жергілікті билік «ST Service KZ» ЖШС мердігер компаниясының өз міндеттемелерін орындамағанын мәлімдеп, облыстық ауданаралық экономикалық сотқа талап-арыз берді.

Келісімшарт талаптары неге орындалмады?

2023 жылдың 26 сәуірінде Арыс ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» бөлімі («Тапсырысшы») мен «ST Service KZ» ЖШС («Мердігер») арасында №22 мемлекеттік сатып алу келісімшарты жасалған болатын. Оған сәйкес, мердігер Жорабек және Ағабек көшелерінде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізіп, 2023 жылдың 9 қазанында №162 қабылдау актісімен пайдалануға берген.

Келісімшарттың 7.2 тармақшасына сәйкес, жөндеу жұмыстарына 3 жылдық кепілдік мерзімі бекітілген. Дегенмен, 2024 жылдың тамыз-қыркүйек айларында ауа райының қолайсыздығынан көшелердегі жарық бағаналарын қуаттайтын трансформаторлық қосалқы станция (КТП) істен шыққан.

Мердігерге тиісті ресми хат жолданып, ол ақпан айының соңына дейін ақауларды қалпына келтіруі тиіс болатын. Алайда, мердігер міндеттемелерін орындамай, жөндеу жұмыстарын кейінге шегеріп келеді.

Сот процесі және мердігер жауапкершілігі

Мәселені шешу мақсатында облыстық ауданаралық экономикалық сотқа мердігерді кепілдік міндеттемелерін орындауға мәжбүрлеу жөнінде талап-арыз берілді.

Бұл жағдай Арыс ауданының инфрақұрылымдық мәселелерін шешудегі түйткілдерді көрсетеді. Мемлекеттік сатып алу жүйесінде кепілдік мерзімі қарастырылғанымен, оны іс жүзінде орындау үшін сотқа жүгіну қажеттілігі – тиімді бақылаудың әлсіздігін білдіреді.

Бұл оқиға – мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі мердігерлердің жауапкершілігін күшейту қажеттігін көрсетеді. Жергілікті билік бұл мәселені сот арқылы шешуге тырысса, ауыл тұрғындары инфрақұрылым мәселелеріне бей-жай қарамай, қоғамдық бақылауды күшейтуі тиіс.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өтеді

berdaly_oraz

Әбдісалан Нұрмахановты еске алуға арналған ХХХІ халықаралық турнир өз мәресіне жетті

2025 жылдың Наурыз айында қазақстандықтарды ұзақ демалыстар күтіп тұр

berdaly_oraz

Пікір жазу