Онлайн-алаяқтықпен күресу үшін банктерге жаңа талаптар енгізіледі

Онлайн-алаяқтықпен күресу үшін банктерге жаңа талаптар енгізіледі,-деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Қазақстанда онлайн-алаяқтықпен күрес шаралары күшейтіледі. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жаңа талаптар дайындап, банктердің қашықтан қызмет көрсету процесін қатаң бақылауға алуды көздеуде.

Жоба, әсіресе, дропперлік схемаларға тартылу қаупі бар клиенттерді бақылауды күшейтуге бағытталған. Сонымен қатар, Қазақстан резиденті болып табылмайтын, жоғары тәуекелді клиенттерге қатысты шаралар енгізілмек.

Банктерге қойылатын негізгі талаптар: клиентті екі факторлы сәйкестендіру (паспорттың фотосы арқылы биометрияны пайдалану), «бір қолға – бір төлем картасы» қағидатын бақылау, Қазақстан аумағында болудың заңдылығын тексеру, карта шығарылғаннан кейінгі алғашқы үш айдағы барлық кіріс және шығыс транзакцияларын мұқият бақылау.

Бұл шаралар алаяқтық операциялардың алдын алу және қаржылық қауіпсіздікті күшейту мақсатында қабылдануда.

Ұқсас жаңалықтар

Ұлттық ұлан офицері Балқаш көлінде батып бара жатқан баланы аман алып қалды

Redaktor Arysinfo

Шымкентте 8,7 шақырым жолға асфальтбетон қабаты төселді

«Нашақорлық – ғасыр дерті»: Түркістанда жастармен маңызды кездесу өтті

Redaktor Arysinfo