Монтайтас: Атамекендегі жарықсыз көшелер,ақпан айының соңына дейін толығымен жарықтандырылады

Түркістан облысы, Арыс қаласына қарасты Монтайтас ауылдық округінің Атамекен елді мекенінде көше жарығы мәселесі тұрғындардың басты уайымына айналды. Жергілікті халық бірнеше айдан бері қараңғылық құшағында қалып кеткенін айтқан еді.

Қараңғы көшелер тұрғындар үшін үлкен қиындық тудырып отыр. Балалар кешкі уақытта сабақтан қайтқанда, жаяу жүргіншілер қараңғыда жол бойымен жүруге мәжбүр. Бұл мәселенің шешілуін талап еткен ауыл тұрғындары жауапты мекемелерге назар аударуын өтінген.Осыған байланысты Qazyr.kz тілшісі «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне» сауал жолдаған болатын.

Жарық неге сөніп қалды?

Аталған бөлімнің ресми жауабы бойынша, 2023 жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Атамекен ауылындағы Жорабек және Ағабек көшелеріне көше жарығы орнатылған. Алайда, 2024 жылдың тамыз-қыркүйек айларында қатты жауын-шашын салдарынан жарық жүйесінде қысқа тұйықталу орын алып, трансформаторлық қосалқы станция (КТП) істен шыққан.

Олар бұл мәселені шешу үшін «ST Service KZ» ЖШС-не тиісті хат жолдап, мердігер компания трансформаторды жөндеп, қайта іске қосқан. Қазіргі уақытта жарық бағаналарының желілері қалпына келтіріліп жатыр.

Жарық қашан қайта іске қосылады?

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мәлімдеуінше, барлық жөндеу жұмыстары ақпан айының соңына дейін аяқталып, көшелер толық жарықтандырылады.

«Қазіргі уақытта мердігер өз есебінен жарық бағаналарының желілерін қалпына келтіруде. Жоспарға сәйкес, ақпан айының соңына дейін барлық көшеде жарық қайта қосылады,» – деді Арыс қаласы әкімінің орынбасары А.Сұлтанов.

Тұрғындар үміттенеді

Ауыл тұрғындары бұл уәде сөз жүзінде қалып қоймай, нақты іске асатынына сенгісі келеді.Қазір Атамекен халқы ақпанның соңында көшелерінің жарықтандырылуын асыға күтуде.

Ұқсас жаңалықтар

Легионерлерді бюджеттен қаржыландыру тоқтайды

Альфия Адамбек

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТАҒЫ БІР ІРІ ӨНДІРІСТІК КЕШЕН САЛЫНАДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АРЫС ҚАЛАСЫН ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАРМЕН ТАНЫСТЫ

Пікір жазу