Арыс қаласының әкімі Қабылсай ауылында халықпен кездесті

Арыс қаласының әкімі Қабылсай ауылында халықпен кездесті,-деп хабарлайды Arysinfo.kz тілшісі.

Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев жұмыс сапарымен Қабылсай елді мекенінде болып, тұрғындармен еркін форматтағы кездесу өткізді. Жиында ауылды дамытуға қатысты бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.

Алғашқы болып тұрғындар балаларға арналған ойын алаңшасын салу мәселесін көтерді. Әкімнің айтуынша, бұл бағытқа бюджеттен қаржы қарастырылып, жыл соңына дейін ауыл орталығына заманауи ойын алаңы орнатылады.
– Елдің болашағы – балалар. Әр елді мекенге кезекпен ойын алаңшаларын салып жатырмыз. Тұрғындардан өтінеріміз – нысандарға ұқыпты қарау, – деді қала басшысы.

Сонымен қатар, Қабылсай ауылында ауыз су жүйелерін жаңарту жұмыстары жүріп жатыр. Жиналған жұрт бұл іске ризашылығын білдірді.

Ауыл ақсақалдарының бірі күре жол бойына жасанды жол кедергісін орнатуды сұрады. Бұл өтініш ескеріліп, қазан айына дейін жол кедергісі орнатылатыны айтылды.

Кездесуде тұрғындар тұрақты жұмыс орындарын ашу, интернет байланысын жақсарту және жол салу мәселелерін де көтерді. Әкім әрбір ұсыныстың шешілу мерзімі мен жолдарын түсіндірді.

Жиын соңында ауыл тұрғындары өзекті мәселелердің кезең-кезеңімен шешімін тауып келе жатқанын атап, қала басшылығына алғыс білдірді.

Бердалы Ораз ( аймақ тілшісі)

Ұқсас жаңалықтар

«Бір күндік әкім орынбасары» Ақтау әкімінің орынбасары болып тағайындалған Әсет Шопанов,ертеңіне орнын босатты

berdaly_oraz

Ордабасылықтар 100 пайыз табиғи газбен қамтылмақ

Альфия Адамбек

ТҮЛКІБАСТА 20 ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ ЖОЛ БОЙЫ ТАЗАЛАНДЫ

Redaktor Arysinfo