һҚазақтың көрнекті ақыны, драматург, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов 84 жасында дүниеден озды.
Ол 1942 жылы 2 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шілік ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын ерте бастап, трактор тіркеушісі болып жұмыс істеген. Кейін журналистика саласына ауысып, «Оңтүстік Қазақстан» газетінде корректор, әдеби қызметкер, ал «Лениншіл жас» басылымында өңірлік тілші қызметтерін атқарды.
Сондай-ақ Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, республикалық «Жалын» журналының бас редакторы қызметтерін атқарған.
Мұхтар Шаханов — поэзияға азаматтық үн мен терең мазмұн әкелген ерекше тұлға. Оның шығармалары қазақ әдебиетінің алтын қорына еніп, бірнеше буынның дүниетанымына ықпал етті.
Ақынның негізгі еңбектері қатарында «Бақыт» (1968), «Ай туып келеді» (1970), «Қырандар төбеге қонбайды» (1974), «Сенім патшалығы» (1979), «Махаббатты қорғау» (1982), «Уақыт бедерлері», «Зерде кітабы» және «Өркениеттің адасуы» сынды жинақтары бар.
Оның шығармашылығы ұлттық рухты көтеріп, қоғамдағы өзекті мәселелерді батыл көтеруімен ерекшеленді. Ақынның есімі мен еңбегі халық жадында мәңгі сақталады.
Автор: Бердалы Ораз / Сурет: Ашық дерекөз
