АҚШ СИРИЯДАН ӘСКЕРІН ТОЛЫҚ ШЫҒАРДЫ

АҚШ Сирия аумағындағы әскерін толық шығарды. Сирия Сыртқы істер министрлігінің X желісінде жарияланған мәліметке сәйкес, бұған дейін америкалық күштер орналасқан барлық әскери нысандар ел үкіметінің қарамағына берілген.

Бұл ақпаратты АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы да растады. Соңғы америкалық әскери колонна солтүстік-шығыстағы Касрак базасынан техникасын алып шыққан.

Еске салсақ, АҚШ-тың Сириядағы әскери миссиясы 2014 жылдың қыркүйегінде басталған еді. Ал биыл ақпанда Вашингтон операцияны аяқтап, ел аумағынан шамамен 1000 әскери қызметкерін шығаратынын мәлімдеген

Ұқсас жаңалықтар

Жыл сайын 15 сантиметрге ығысқан көне қорған: Түркістандағы тарихи мұраны сақтап қалу басталды

Redaktor Arysinfo

Арыста халық денсаулығына қатысты комиссия отырысы өтті

berdaly_oraz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ 2 МЫҢНАН АСТАМ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН

Redaktor Arysinfo