Нұралхан Көшеров кәсіпкер Тимур Турловпен кездесті

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Freedom Holding Corp.» компаниясының негізін қалаушы әрі басшысы Тимур Турловпен кездесті. Кездесуде Түркістан облысында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жолдары талқыланды, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

– Тарихи Түркістанға қош келдіңіз. Біздің өңірге қатысты жобаларыңызды қарастырып,  идеяларыңызды тыңдауға дайынбыз. Облыста өндіріс орындарын ашуға,  жаңа технологияларды енгізуге қолдау көрсетіледі, – деді Нұралхан Көшеров.

Тимур Турлов «Ақылды қала» жобасын жүзеге асыру, интернет сапасын жақсарту,  ІТ саласындағы технологияларды енгізу  және өзге де бастамалар туралы айтты.

Қос тарап ұсыныстарды талқылап, жобаларды нақтылау жөнінде уағдаласты.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда гид-экскурсоводтар оқыту курсынан өтті

Түркістанда жобадан ауытқып салынған құрылыс сот шешімімен бұзылуда

berdaly_oraz

Қазығұртта сенбілік кезінде 8 мыңға жуық көшет отырғызылды

berdaly_oraz