Нұралхан Көшеров өзбекстандық инвесторлармен кездесті

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «U-UMAX Group» компаниясының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Arysinfo.kz.

Олар Түркістан облысымен әріптестік және іскерлік байланыс орнатуға ниетті екендерін жеткізді. Өңір басшысы Түркістан облысында қолайлы инвестициялық климат қалыптасқанын жеткізді.

– Өзбекстан – көршілес мемлекет қана емес, бауырлас ел. Орталық Азиядағы экономикасы дамып келе жатқан қос мемлекет арасында байланыс өте жоғары деңгейде. Түркістан облысында кәсіпкерлікті, өндірісті, туризмді, ауыл шаруашылығын дамытуға басымдық берілген. Ұсыныстарды қарастыруға дайынбыз, – деді Нұралхан Көшеров.

Өзбекстандық кәсіпкерлер құрылыс, жол, теміржол және өзге де салалар бойынша жобаларды қарастыратындарын жеткізді. Әріптестікті, байланысты нығайту жолдары талқыланып, келіссөздер жүргізілді.

Ұқсас жаңалықтар

AMANAT: ӘРБІР АРЫЗ-ШАҒЫМ ЗАҢ АЯСЫНДА ШЕШІЛЕДІ

berdaly_oraz

Су ресурстары және ирригация вице-министрі Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді

Дулат Исабековтің өмірден өтуіне байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев марқұмның отбасы мен туыстарына көңіл айтты

berdaly_oraz