Өңір жаңалығы: Қазығұртта 100-ден аса адам жүгіру марафонына қатысты

Қазығұрт ауданындағы ең үлгілі ауыл – Шарбұлақ ауылының тұрғындары Ұлыстың ұлы күні Әз-Наурыз мерекесі мен Ораза айт мейрамын жоғары деңгейде атап өтті, — деп хабарлайды Arysinfo.kz тілшісі.

Мерекелік шара бағдарламасына сәйкес, Шарбұлақ ауылының тұрғындары таңғы сағат сегізден жарыс жолына шықты.  Жалпы жүгіру марафонына 150-ге жуық тұрғын қатысты.

«Шынықсаң, шымыр боласың» деген қағиданы ұстанған жарысқа қатысушылардың арасында 70 жастағы қариядан 7 жасар балаға дейін белсенділік танытып, игі бастамаға қолдау білдірді. Марафон барысында әр қатысушы өзінің денсаулығына жауапкершілікпен қарап, дене шынықтырудың маңыздылығын көрсетті. Жарыстың мәре сызығын бірінші болып кескен жеңімпаздар жас ерекшеліктеріне қарай марапатталды. Жеңімпаздарға ауылдың құрметті азаматтары мен ұйымдастырушылар тарапынан арнайы сыйлықтар табысталды.

Бұл шара тек дене шынықтыруды насихаттап қана қоймай, ауыл тұрғындарының бір-біріне деген құрметі мен ынтымақтастығын арттыруға да үлкен үлес қосты. Жарқын жүздер, қуанышты сәттер мен ортақ мақсатқа жету жолындағы ұжымдық күш-жігер – бәрі де ауыл тұрғындарының салауатты өмір салтын қолдайтындығын дәлелдейді.

«Үлгілі ауыл» байқауының жеңімпазы болған Шарбұлақ ауылы тек қана таза әрі әдемі ауыл болып қана қоймай, сонымен қатар салауатты өмір салтын ұстануды жоғары деңгейде насихаттап, өңірдегі өзге ауылдарға үлгі болды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында эпизоотиялық ахуал тұрақты: ветеринариялық және алдын алу шаралары күшейтілді

berdaly_oraz

Түркістан облысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары күшейтілді

berdaly_oraz

Арыс қаласында аса қауіпті марокко шегірткесіне қарсы күрес жұмыстары қарқынды жүргізілуде

berdaly_oraz

Пікір жазу